Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Газа секторынан Израиль қоршауын алу қажеттігін атап көрсетті және осы аймаққа гуманитарлық көмек алып бара жатқан «Бостандық флотилиясы» кемесін басып алудағы Тель-Авивтің әрекетін айыптады. Бұдан басқа, Түркия, Ливан, Сирия және Иордания Ирактың аумақтық тұастығын және егемендігін сақтауды, онда тұрақтылықты орнатуды және ирак қоғамының барлық күштерінің мүддесін білдіретін үкімет құруды жақтайтынын мәлімдеді.
16:16, 11 Маусым 2010
Сирия, Ливан, Иордания және Түркия болашақта бірыңғай экономикалық кеңістік құруға уағдаласты
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Сирия, Ливан, Иордания және Түркия осы мемлекеттер арасында ынтымақтастық құруға уағдаласты, болашақта оның мақсаты осы елдердің бірыңғай экономикалық кеңістігін құру көзделуде. Бұл шешім Ыстамбұлда өткен экономикалық форум ауқымында Түркия мен араб мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде қабылданды.