Сирия МАГАТЭ инспекторларын елге кіргізуге келісті

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Сирия Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің инспекторларының (МАГАТЭ) елге келуіне келісім берді.

МАГАТЭ мамандары Сирияның батысындағы Хамс қаласындағы ядролық нысанмен таныспақ. Инспекцияның басқа мақсаттары туралы ештеңе айтылмай отыр, деп хабарлады France24 телеарнасы. Инспекцияның сапары 2011 жылы 1 сәуірде болады.

Сирия 2008 жылдан бері МАГАТЭ өкілдерін өз ядролық нысандарына жіберуден бас тартып келген болатын.