Жекелеген мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Астанада өткен кездесуге бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері де шақырылды.
Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесу барысында соғыс іс-қимылдары аймақтарында жүрген Қазақстан азаматтары болып табылатын әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларды іздеп-табумен және оларды отанына қайтарумен байланысты мәселелер талқыланды.
Министр Д.Кәлетаев және өзге мемлекеттік органдар өкілдері ата-аналар тобына ҚР азаматтарын елге қайтару мәселелері бойынша, сондай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеу жөнінде түсініктеме берді.
Кездесудің нәтижесі бойынша министрлік жанында тұрақты Жұмыс тобын құру және осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.