Түркиядағы шекаралық Рейханлы қаласының мэрі Хюсейн Шанверди атап өткендей, қаза болғандардың бесеуі - Сирияның азаматтары, төртеуі - түріктер. Түркиялық БАҚ-тар хабарланғандай, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-де Джильвегезю бақылау-өткізу қосынында болды. Оқыс оқиға шекарадан 40 шақырым жерде, Түркия жақта, Сирияға гуманитарлық көмек жеткізетін көліктердің тұрағында орын алды. Алдын ала деректер бойынша, жарылған көлік сириялық нөмірлермен болған. Жарылыс кезінде 15 көлікке зақым келтірілді.
Сондай-ақ көлікке снаряд тасталды деген де болжам жасалуда. Жарылыс көлік шекарадан асқан бойда орын алған.