АСТАНА. KAZINFORM – Сирия армиясы «Джебхат ан-Нусра» тобының шабуылына тойтарыс беріп, 1 мыңға жуық содырды жойды. Бұл туралы Сирияның радио және телевидение бас басқармасы хабарлады, деп жазады Report.
Оның мәліметінше, Сирия армиясы мен «Джабхат ан-Нусра» көтерілісшілері арасындағы үш күндік қақтығыстың нәтижесінде залалсыздандырылған содырлардың саны мыңға жуықтады.
Еске салайық, бұған дейін «Джабхат ан-Нусра» тобының содырлары Алеппо мемлекеттік университетінің кампус маңындағы аумағына оқ жаудырып, салдарынан төрт бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын.
Бірнеше күн бұрын Сирияда әкери қақтығыс басталды. «Хаят Тахрир аш-Шам» (HTS) тобы елдің солтүстік-батыс бөлігінде ондаған елді мекенді басып алды. Башар Асад көтерілісшілермен күресті жалғастыруға уәде бергені мәлім болды.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы