Бұл жайында БАҚ өкілдеріне Сирия оппозициясының кеңесшісі Яхья аль-Ариди мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта қатысушылар бірлескен коммюникемен жұмыс істеуде. Өкінішке орай жекелеген тармақтар ол дайын болғанға дейін шығып кетті және бірқатар қатысушы онымен келіспейді. (...) Коммюникеге ешкім де қол қоймайды. Оны Ресей, Түркия және мүмкін Иран өз аттарынан жария ететін шығар», - деген ол қорытынды құжатты дайындау жұмыстары әлі де жүргізіліп жатқанын баса айтты.
Дегенмен, Яхья аль-Аридидің сөзіне қарағанда, коммюнике оған тараптардың қол қойғандығын тұспалдамайды.
«Коммюнике Женеваға ұсынатындай барынша күшті болады деп ойламаймын. Бұл бұған дейінгі уағдаластықты ығыстырады. Біз бұған дейін Сирияда талқыланған жайттардың барлығын сызып тастап, қайтадан бастай алмаймыз. (...) Ертеректе, Женевада белгілі бір уағдаластық болды және мұнан арғы пікірсайыстардың барлығы соның негізінде қалыптастырылады», - деді ол.
Сирия оппозициясының өкілі кепілгер елдердің бірқатар қатысушысы бұл мәселеде өздерінің мүддесіне алаңдаушылық танытып отырғандығын атап өтті.
«Бір делегация сириялықтардың проблемасына алаңдаулы. Егер қалған қатысушылар Сирия азаматтарының мүддесін ойламайтын болса, онда барлық күш-жігердің түк пайдасы жоқ», - деді ол.
Оппозиция өкілі шарттың тағы бір тармағы ретінде Сириядан Иран жасағын шығару екендігін атап өтті.
«Иран өздерінің мәлімдемесіне сәйкес әрекет жасайды деп үміттенеміз. Егер олар Сириядағы бейбітшілікті қаласа өз жасақтарын шығаруы тиіс. Иә, барлығы да негізгі мақсат бейбіт тұрғындарды өлтіріп, жерді басып алатын ДАИШ содырлары екендігіне келіседі. Бірақ, сонымен бірге Ираннан сириялық режім кіргізген жасақ топтары да бар», - деді Яхья аль-Ариди.