Сирия оппозициясы «уақытша үкімет» басшысының кандидатурасын анықтады

ӘБУ-ДАБИ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Осы күндері Ыстамбұлда өтіп жатқан Сирияның оппозициялық күштері коалициясы отырысының қорытындысы бойынша оппозициядан уақытша премьер-министр Хассан Хитто сайланды.

Сирия оппозициясының өкілдері араб БАҚ-тарына коалиция мүшелерінің дауыс беруі барысында бұрынғы бизнесмен Х.Хитто 48 делегаттың 38-інің дауысын алғандығын хабарлады. Премьердің кандидатурасы бойынша дауыс берудің алдында оппозиционерлер жабық есік жағдайында 14 сағат бойы кеңесті. Оппозицияның кейбір мүшелері Х.Хиттоға қатысты шешімді исламдық күштер мен Сирия оппозициясының либералдық қанатының арасындағы саяси ымыраның қорытындысы ретінде сипаттады.

Сирияда қарулы қақтығыстар екі жылдан астам уақыт жалғасып келеді. БҰҰ-ның мәліметінше, әскери іс-әрекеттер салдарынан аталған елде 75 мыңнан астам адамат қаза тапты.