Сирия «өтпелі үкіметінің» басшысы Араб елдері лигасының саммитіне қатысады
Бұл жайында катарлық «Аш-Шарк» басылымы хабар таратты.
Сирияның АЕЛ-ға мүшелігі билік пен оппозицияның қарулы қақтығысы кесірінен 2011 жылдың қараша айында тоқтатылған болатын. Ағымдағы айдың бас кезінде араб елдерінің СІМ басшылары Каирде бас қосып, Сирия оппозициясының ұлттық коалициясына АЕЛ-ға қатысуға мүмкіндік беретін болып шешкен еді. Бұл шешімді Сирияға көрші жатқан Ирак пен Ливан және Алжир мемлекеттері құптаған жоқ.
muslim.kz. сайтының жазуынша, таяуда Ыстамбұлда бас қосқан сириялық оппозиция АҚШ-та тұрып жатқан сириялық бизнесмен Хассан Хиттоны «өтпелі үкіметтің» басшысы етіп таңдаған болатын. Ол жақын арада Революциялық және оппозициялық күштер ұлттық коалициясының атқарушы билігі болатын министрлер кабинетін жасақтауды жоспарлап отыр.