Сирия президенті Израильмен жанама келіссөз жүргізілгенін растады

Фото: Фото: SANA агенттігі

АСТАНА. KAZINFORM – Келіссөз одан әрі шиеленістің алдын алу және бұрынғы келісімдерді сақтау үшін БАӘ-нің делдалдық етуімен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Сирияның өтпелі кезеңдегі президенті Ахмед аш-Шараа Сирияның Израильмен арадағы делдалдар арқылы «шиеленісті бәсеңдету және жағдайдың барлық қатысы бар тараптар үшін бақылаудан шығып кетуіне жол бермеуге» бағытталған жанама келіссөз жүргізіп жатқанын мойындады.

Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездескеннен кейін өткен баспасөз мәслихатында аш-Шараа «Израильдің араласуы Израиль мен Сирия арасындағы 1974 жылғы келісімді бұзу» екенін қосып, қызметке кіріскеннен бері ол бұл келісімді сақтауды міндеттейтінін баса айтты.

Аш-Шараа сонымен бірге оның үкіметі Израильмен байланысы бар Тель-Авивке қысым көрсету әрекетінде «оның Сириядағы Израиль Қорғаныс армиясының «араласуы мен шабуылдарын тоқтату» үшін барлық елдерге үндеу жасағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Reuters агенттігі Сирия мен Израиль арасында Біріккен Араб Әмірліктерінің делдал болуымен жанама келіссөз жүріп жатқанын, басты назар техникалық мәселелерге бөлінгенін хабарлаған.

Соңғы апталарда Израиль Сириядағы әскери әрекеттерін айтарлықтай белсендендірген, бұл халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырып, аймақтағы шиеленісті күшейтті.

Делдалдардың қатысуымен келіссөздер өткен аптада Израильдің Сирияға соққыларының күшеюі жағдайында өтіп жатыр, олардың бірі Дамаскідегі президент сарайынан небәрі 500 метр жерде жасалды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Исраэль Кац Дамаскідегі президенттік сарай маңындағы нысанға жасалған шабуыл туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

– Бұл Сирия режиміне жасалған айқын белгі. Біз Дамаскінің оңтүстігіне әскер жіберуге немесе друздар қауымдастығына қауіп төндіруге жол бермейміз, - деп келтірді The Times of Israel мәлімдемеден үзіндіні. 

Бұған дейін мамырдың 2-сінен 3-іне қараған түні Израиль ұшақтары Сирияның Латакия провинциясындағы әскери нысандарға соққы жасағанын жазған болатынбыз.