Сирия президенттігіне алғашқы үміткер әйел тіркелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия жоғарғы заңнамалық органы - Халық кеңесі жексенбі күні президенттікке алғашқы үміткер-әйел - Латакия провинциясындағы инженер Сюсан Омр әл-Хаддадты тіркеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Сюзан әл-Хаддадты Сирия президенттігіне үміткер етіп тіркеу туралы өтініш елдің Жоғарғы конституциялық сотынан түскен, деп хабарлады араб тілінде хабар тарататын Sky News телеарнасы Халықтық кеңестің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Қолданыстағы конституция бойынша, президентікке үміткер болып ресми беку және сайлауалды науқанына қатысу үшін Сюзан әл-Хаддад Сирияның жоғарғы заңнамалық органының кемінде 36 депутатының қолдауына ие болуы тиіс.

Президентікке үміткерлерді тіркеу 22 сәуірден 1 мамырға дейін жүргізіледі. Мемлекет басшысы орынтағына 40 жасқа толған, соңғы 10 жылда отанында тұрған және шетелдік азаматтығы жоқ кез келген азамат үміткер бола алады. Оның ата-аналары Сирия азаматы болуы қажет.

Бұдан бұрын Халықтық кеңес 3 маусымға белгіленген президенттік сайлауға бес үміткер ер адамның қатысуын мақұлдаған болатын. Қазіргі президент Башар Асад әлі ресми түрде сайлауға қатысатыны туралы мәлімдеген жоқ. Дегенмен 2014 жылғы қаңтарда Асад үміткер ретінде өзінің ұсынылуы мүмкіндігін айтқан еді. Сирия президенті қызметін Башар Асад 2000 жылдан бер үзіліссіз атқарып келеді.