Ресей делегациясына РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев басшылық жасайды. Ал Түркия тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Ираннан аталған елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари бастаған делегациялар келеді.
Сонымен қатар аталған кездесуге Сирия үкіметінің және сириялық оппозицияның, БҰҰ-ның, байқаушы елдер АҚШ пен Иорданияның өкілдері қатысады деп күтілуде.
Айта кетерлігі, 21 желтоқсан күні екіжақты және көпжақты консультациялар өткізу жоспарланған. Ал 22 желтоқсанда жалпы отырыс өткізу көзделген.