«Қалай дегенмен сұхбаттастық өтуде. Бұл президенттер Путин мен Ердоғанның бастамалары. Ал Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдады. Бұл ретте біз - осынау алаңды ұсынған әділ брокер, бейтарап тараппыз. Түрлі тараптың, Сирия үкіметінің, оппозициялық топтардың, Түркия, Иран, Ресейдің, ойыншылардың белгілі бір сеніміне иеміз. Біз барлық тараппен жақсы қарым-қатынастамыз. Женева ыңғайлы алаң, инфрақұрылым саналады», - деді ол.
Сонымен қатар ол Қазақстан Сирия бойынша бейбіт диалогқа мүдделі екендігін баса айтты.
«Өздеріңіз де білетіндей, Сирия төңірегінде орын алып отырған лаңкестік қауіп ұлттық және өңірлік шекарадан шығып кетіп, жанжалдар туындатуда. Олар барлық халықаралық қауіпсіздікті улап, қиындата түсуде. (...) Бұл Қазақстанның бітімгершілік үлесі. Біз үшін өткен орны емес келіссөздердің өзі маңызды. Ол Астана немесе Женева болсын. Бірақ, ең маңыздысы сұхбат процесі», - деді Көшкінбаев.