АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдердің мәлімдеуінше, Сирияға соғысуға аттанып жатқан американдық және еуропалық елдердің азаматтары саны өсіп келеді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Американдық Бас прокурордың сөзіне қарағанда, Сирияда қазіргі кезде жеті мыңға жуық шетелдік соғысып жүр.
Оның пайымынша, бұл азаматтар радикалдық идеялардың жолын ұстанып, елдеріне оралғаннан кейін қарулы шабуылдар ұйымдастыруға дайын болады.
Осыған байланысты Эрик Холдер әлем елдерінің арнайы қызметтерін радикалдануға бейім азаматтарды анықтау шараларын күшейтуге шақырды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.