Сирияда Алланың «қылышы» болған Халид ибн Уәлидтің мазары қиратылды

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Сириядағы режім мен оппозиция арасындағы ұрыс кезінде Ардақты елші, екі әлем сардары,

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың игілігі мен сәлемі жаусын) сенімді серіктерінің бірі болған, аса көрнекті қолбасшы Халид ибн Уәлидтің сүйегі жатқан мазары қирап, бүлінді. Бұл жайында AFP хабар таратты.

«Адам құқығы жөніндегі сириялық обсерваторияның мәліметтеріне қарағанда, 23 шілде күні таңертеңгісін Халид ибн Уәлид мешітін режім әскері атқылаған екен. Мұсылмандар үшін атақты сахабаның атындағы мешіттің орны бөлек. Мұсылмандардың осынау құлшылық үйіне әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған адамдардың қарасы бір үзілген емес. Халид ибн Уәлид кесенесі қарулы қақтығыс кезінде жойылған діни әрі мәдени маңызы бар нысандардың соңғысы болып табылатынын айта кету керек», - деп жазады muslim.kz сайты.