Бұған дейін ұшақ бортында 32 адам болғаны хабарланған болатын.
«Анықталған мәліметтер бойынша, Хмеймим аэродромына қону барысында апатқа ұшыраған Ан-26 көліктік ұшағының бортында 33 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы РФ Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері. Ұшаққа оқ атылмаған. Ресей Қорғаныс министрлігінің комиссиясы оқиғаның барлық нұсқаларын зерттеуде», - деп атап өтті ведомстводан.
РФ Қорғаныс министрлігінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына барлық мүмкін болған және қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін айтты.