Сирияда билікпен болған 1,5 жылғы шиеленістердің салдарынан 40 мыңға жуық адам қаза тапты

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Сириялық құқық қорғаушылар мәлім еткендей, елде азаматтық қақтығыстар кезінде 40 мың адам өлтірілді, деп хабарлады Ресей жаңалықтар агенттігі.

«Сирияның адам құқықтарының сақталуын мониторингілеу орталығы» берген мәліметтерге қарағанда, тек 23 қарашада Сирияда кем дегенде 52 адам көз жұмды. Сириялық әскердің қарулы құрылымдары үкіметтік әскерлермен Дамаскіде, сондай-ақ  Сирияның оңтүстігіндегі Хамурия, Арбаин, Хама, Дераа және елдің солтүстік-шығысындағы Идлиб қалаларында қақтығысуда.