Дәл қазіргі уақытта нақты қанша адам ажал құшқанын дөп басып айту қиын.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, Дамасктың Саида Зейнаб ауданында кем дегенде 4 жарылыс болған. Одан 83 адам опат болды.
Сондай-ақ Хомс қаласында екі жарылыс болып, онда 57 адам ажал құшқаны хабарланған болатын.
Бұл лаңкестік әрекеттерді «Ислам мемлекеті» ұйымы мойнына алды.