Сирияда екі жүз тәжікстандық соғысып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияға Тәжікстанның 200-ден астам азаматы кетіп қалған. Бұл туралы осы елдің Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода мәлім етті, деп жазады Би-би-си.

Сонымен қатар, Тәжікстанда өткізілген жедел-іздестіру шаралары барысында қарулы қақтығысқа қатысу үшін Сирияға жиналған жастардан құралған екі топ ұсталып, арасында Сирия үкіметіне қарсы соғысып келген адам бар екені анықталған. Биыл жыл басынан бері Тәжікстанда Сирияда соғысқан елдің бес азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Министрдің айтуынша, Тәжікстан азаматтары Сирияға Ресей, Пәкістан, Түркия, Ауғанстан арқылы барады.