Осыған дейін 13 адамның мерт болып, 40 адам жарақат алғаны туралы хабарланған.
- Зорлық-зомбылықтың өршуі өңірдегі қауіпсіздік бағытындағы жұмыстардың бей-берекеттігі мен жергілікті әкімшіліктің проблемаларды реттей алмауының нәтижесі болды, - делінген хабарламада.
-Осы себепті Сирия билігі елдің оңтүстігіне жағдайды тұрақтандыру үшін қауіпсіздік күштерінің арнайы бөлімшелерін жіберді. Сирияның Ішкі істер министрлігі Эс-Сувейда халқын қақтығысты тез арада тоқтату, заңдылық пен тәртіпті қалпына келтіру үшін билікпен ынтымақтасуға шақырды.
Бұған дейін друз қоғамдастығының шейхтері екі бала қаза болған шабуылдарды айыптап, бейбітшілікті сақтау үшін атысты тоқтатуды талап етті. Al Mayadeen телеарнасы таратқан мәлімдемеде олар Сирияның уақытша үкіметі қаруланған бандылардың шабуылдарын тоқтатып, Дамаск – Эс-Сувейда тас жолындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек екенін хабарлады.
Друздар — Сирия, Ливан, Израиль және Иорданияда тұратын, араб тілінде сөйлейтін, оқшауланған этноконфессиялық топ. Сирияда 700 мыңға жуық друз бар, бұл — саны жағынан күрдтер мен алавиттерден кейінгі үшінші діни-этникалық азшылық. 1 мамырда Джарамане мен Сахнада друздар тұратын аймақтарда атысты тоқтату жөнінде келісім жасалды. Қақтығыстар барысында қауіпсіздік күштерінің 20 қызметкері қаза тапты.
Осыған дейін АҚШ-тың Сирияға қарсы санкцияларды тоқтататыны туралы жаздық.