«Өзін-өзі өлімге қиған жанкешті автокөлікті Сирияның әскери әуе күштері нысанының жанында жарған», - деп хабарлады Сирияның адам құқығын қорғау бойынша орталығынан.
Лаңкестік актінің салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза болды, олардың арасында Сирия арнайы қызметінің жоғары шенді полковнигі бар. Одан басқа, қырықтан астам адам жараланды.
Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда қаласы соңғы екі жылдағы қақтығыстардан ада, әлдеқайда тыныш қалалардың бірі еді. Қала халқының негізгі бөлігін араб тілді этноконфессияаралық топ құрайды.
Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық Сириядағы қақтығысты шешудің дипломатиялық жолдарын іздестіруде.