Сирияда қаза болғандардың саны 70 мың адамға жетті
10:18, 13 Ақпан 2013
АСТАНА. 13 ақпан. қазАқпарат - Біріккен Ұлттар ұйымының берген мәліметтері бойынша, 2013 жылдың басынан бері Сирияда қақтығыстардың салдарынан 9 мың адам құрбан болды, ал олардың жалпы саны 70 мыңға жетті.
Қаза болған адамдар жөнінде мәліметтерді БҰҰ-ның Адам құқықтары жөнінде комиссары Нави Пиллэй келтірді, деп хабаралады РБК.