Атап өткендей, 40 адам «Джебхат ан-Нусра» және «Ахрар аш-Шам» (екеуі де РФ-да тыйым салынған) топтарының солтүстік Алепподағы Шейх-Масқұд орамында күрдтер мен жергілікті тұрғындардың позицияларына жасаған артиллериялық соққысының құрбандары болды. Тағы шамамен 100 адам зардап шеккен.
Қаза тапқандар мен жарақаттанғандардың арасында бейбіт тұрғындар, полицейлер және әскери қызметкерлер бар екені атап өтіледі.
Соңғы тәуліктерде Сирияда «тыныштық режимін» бұзудың 10 оқиғасы тіркелген - сегізі Алеппода және екеуі Дамаскіде. Лаңкестер Латакия, Хомс, Дамаскідегі елді мекендер, Деръа провинциясына, сондай-ақ Хама қаласының әуежайына оқ жаудырды.