Сирияда мәдени мұраның 300-ге жуық қазынасы қиратылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ хабарлауынша, Сирияда соғыс басталғалы бері әлемдік мәдени мұра қазынасына жататын 290 нысан жойылды немесе қиратылды, деп жазады ВВС.

Ғарыштан түсірілген суреттерге қарағанда мәдени мұра қазыналары көбіне Алеппо, Ракка (әл Раққа) қалаларында зардап шеккен. БҰҰ мәліметінде 24 нысан толығымен жойылып, тағы 104-і қатты зақымданғаны айтылады.

Қиратылған ескерткіштердің қаншалықты зардап шеккенін бағамдау әзірге мүмкін емес. Зақым келтірілген ғимараттар қатарында - Алеппо қорғаны, Шам қаласындағы көне қорғандардың бірі - Омаядтар мешіті, кресшілер қорғаны Крак де Шевалье.