«Думаның түрлі ауданын режімнің күш-қуат құрылымдары тарабынан минометпен атқылау барысында кемінде 12 адам, оның ішінде бір әйел мен сәби өлді», - делінген таратылған ақпаратта.
«Бомбалау тосыннан басталды. Ол жерде ойнап жүрген балалар көп болатын. 1 минут өткеннен кейін жан-жақта өлгендердің мүрдесі мен жараланғандар шашылып жатты», - деді оқиға куәгерлерінің бірі. Оның сөзіне қарағанда, жергілікті аурухана жарақат алғандарға лық толы. Дәрігерлер орын болмай жерде жатқан адамдарға да медициналық көмек көрсетуде.
Айта кетейік, 2011 жылдың наурызынан бері Сирияда қарулы қақтығыс жалғасуда. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, осы уақытқа дейін 170 мыңнан астам адам қаза тапқан.