Сириялықтар сағат кешкі 19.00-ге дейін дауыс бере алады, деп хабарлады ТАСС.
Халық Кеңесіне сайлау 15 провинцияның 13-інде өтеді. Сайлау «Ислам мемлекеті» мен "Джебхат ан-нусра" террорлық тобы содырларының бақылауындағы Евфраттағы Ракка мен Идлибте ғана өтпейді. Бұл өңірдің босқындары олар уақытша тұратын орын бойынша сайлау учаскелерінде дауыс бере алады.
Халық кеңесі 250 депутаттан тұрады. Олар төрт жыл мерзімге жалпыға бірдей, тікелей, жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Кандидаттар жасы 25-тен жоғары, сотталмаған, сириялық азаматтығы 10 жылдан кем болмауы тиіс.