Милюхин қазір Бурденко атындағы әскери клиникалық госпиталінің жансақтау бөлімінде жатыр, деп мәлім етті қабылдау орнынан. Бірақ олар оның қалай, қай жерде жараланғанын айтудан бас тартты.
Бұдан бұрын Милюхиннің Сирияда Пальмир үшін болған шайқас кезінде минаға ұрынғанын "Фонтанка" газеті жазған еді.
Басылымның мәліметтері бойынша, жарылыс салдарынан ол екі аяғынан және көзінен айрылған.
Генерал алғашқы медициналық көмекті оқиға болған жерде алды. Артынша мәскеулік ауруханаға жеткізілді.