Сирияда сегіз оқушы қыз суға батып кетті

ДАМАСК. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат – Сирияның Дамаск қаласы маңында сегіз оқушы қыз суға батып кетті.

Оқиға Дамаск тұрғындарының демалатын жері Зарзар көлінде орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.Оқушыларды көлде қыдыртып жүрген серуен катерінің иесі қауіпсіздік ережесін дөрекі бұзғандығы - 10 адам мінгізуге арналған катердің бортына 35 адам алғандығы хабарлануда.Серуен кезінде қайық суға батып кетіп, балалар жағалауға өздері жүзіп шыққан. Сегіз оқушы қыз суға батып кеткен. Мұндай оқиғалар Сирияда жиі орын алады. Суда жүретін көліктер борттарына рұқсат етілгеннен әлдеқайда көп жолаушы алады, себебі жергілікті тұрғындар үшін бұл қызмет күнкөрістің бірден бір көзі.