Апат жексенбі күні болған, бірақ америкалық әскерилер оқиға туралы дүйсенбінің кешінде хабарлады. Оған не себеп болғаны және жарақаттың ауыр-жеңілдігі нақтыланған жоқ.
Әр түрлі дәрежеде жарақат алған 22 адамның 10-ы «CENTCOM жауапкершілік аймағынан тыс жоғары деңгейдегі көмек көрсететін мекемелерге эвакуацияланды», - делінген хабарламада.
CENTCOM қарсылас тараптың атысы туралы хабарланбағанын мәлімдеп, оқиғаның себебі тергеліп жатқанын айтты.
АҚШ Сириядағы «Ислам мемлекеті» күштерімен күрес жүргізіп отырған халықаралық коалицияны басқарады. Араб Республикасындағы америкалық қарулы контингент қатары 900 адамға жуық.
CENTCOM – АҚШ Қорғаныс министрлігінің он бір біріккен жауынгерлік қолбасшылығының бірі. Ол Таяу Шығыс, Шығыс Африка және Орталық Азия аймақтарында соғыс қимылдары жағдайында америкалық әскердің операцияларын жоспарлау мен басқаруға жауапты. Негізгі штаб Флорида штатының Тампа қаласындағы әуе базасында орналасқан.
Фото: AP Photo/Darko Bandic