Бұл ақпаратты Италия сыртқы істер министрлігі өткен жұма күні кешке растады.
Араб БАҚ-тарының мәліметінше, осы аптаның бейсенбісінен жұмаға қараған түнінде итальяндық «RAI» телекомпаниясының «фрилансер» репортерлерін репортаж түсіру кезінде көтерілісшілер тобы алып кеткен.
Италия СІМ-інде атап өткендей, оқиға толық бақылауға алынған. Дипломаттар алдымен тұтқындардың денсаулығына еш қауіп төнбеуіне қол жеткізуді жоспарлауда. Репортерлердің отбасылары бұл жағдай туралы толық ақпараттанған.
Сирия үкіметі қылмыскерлерден тұтқындарды тез арада босатуды талап етуде. Егер тұтқындар өліп қалса, зорлық-зомбылық көрсе, қылмыскерлердің ұзақ мерзімге темір торға тоғытылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін.