Сирияда тұрғындар хайуанаттар бағындағы арыстанды сойып жеген

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Сириялықтар хайуанаттар бағындағы арыстанды жеп қойды. The Independent басылымының ақпараты бойынша, аталған жағдай Сирияның астанасы Дамаскінің маңындағы қалалардың бірі Шығыс Гутеде болған.

Бұл оқиғаның орын алуының үш болжамы бар: бірінші нұсқасы бойынша, жануарды оның терісінен құнды киім жасау үшін өлтірген. Екінші болжам, оны аш сириялықтар басқа тамақтың болмауынан сойып алған. Және соңғы болжам бойынша, арыстанды өлтіру Сирия билігіне деген астары бар «хабарлама»: ел президенті Башар Асадтың тегі араб тілінен аударғанда «арыстан» деген сөзді білдіреді.