Сирияда уақытша бітім күшіне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияда әскери қақтығысты тоқтату туралы АҚШ пен Ресей дипломаттарының келісімі дүйсенбіде жергілікті уақытпен 19:00-де күшіне енді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Сирия армиясы 18 қыркүйектің түн жарымына шейін әскери іс-қимылды тоқтату туралы мәлімдеме жария етті. Бітімге келудің басталуы Құрбан айт мерекесені тура келді. 
Фото: AFP