Олландтың сөзіне қарағанда, журналистер сенбі таңертең босатылды және барлығының да хал-жағдайы қалыпты. Олар таяу уақытта Францияға оралады деп күтілуде.
Аталған тілшілерді қолдары мен көздері байланған күйінде Сириямен шекаралас аумақта түркиялық сарбаздар тауып алған екен.
Төрт ер азамат былтырғы шілдеде Сирияда жоғалған болатын. Оларды «Ирак және Левант ислам мемлекеті» тобы кепіл тұтқынға алды деп айыпталды.
2011 жылы Сирияда қарулы қақтығыс басталғаннан бері елде 60 журналист ажал құшты.