Сириядағы ахуал бойынша халықаралық конференция қазан айында шақырылады

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сириядағы ахуал бойынша халықаралық конференция қазан айында өтуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Санкт-Петербор университеті студенттері алдында сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун айтты, деп хабарлады Утро.ру.

«Мен бұл кездесу барынша тез арада өтеді деп үміттенемін. Мүмкін қазан айында, өйткені, қыркүйек - Бас ассамблея отырысы, кездесулер өтетін өте қауырт ай», - деді ол. Сонымен қатар Пан Ги Мун сСрия жанжалының тек бейбіт шешімі ғана бар екендігін баса айтты.