Түрік әуе күштерінің Сирияның солтүстігіне жасаған соққысынан кемінде 11 адам қаза тапты, олардың арасында үкімет сарбаздары да бар. Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтары жөніндегі обсерватория мен күрд ақпарат құралдары хабарлады.
Түркияның Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қақтығыс күшейгенде күрд күштері Түркия аумағына соққы беріп, салдарынан бір сарбаз қаза тапты. Өз кезегінде Сирияның мемлекеттік БАҚ-тары қақтығыс салдарынан Сирия армиясының үш сарбазы қаза тауып, тағы алтауы жараланған.