Бұл туралы ол ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің жиынында айтты.
Пиллэй осыдан бір ай бұрын: "екі жылға жуықтап қалған халық толқулары мен қақтығыстарда 60 мыңнан астам адам құрбан болды",- деген еді.
Сондай-ақ Нави Пиллэй Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің қақтығысты реттеуде әрекет қылмай отырғанын, оның "қарапайым сириялықтар үшін зардабы үлкен болып жатқанын" ескертті.
Ол бұған қоса Қауіпсіздік кеңесін Сирияны халықаралық сотқа беруге тағы да шақырды.
Ресей мен Қытай Қауіпсіздік кеңесінің Дамаскіге қарсы санкциялар салуды ұсынған қарарына бұған дейін үш рет вето қойған еді, деп хабарлайды «Азаттық».
16:41, 13 Ақпан 2013
Сириядағы қақтығыста қаза тапқандар саны 70 мыңға жетті
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссары Нави Пиллэй Сириядағы қақтығыстарда қаза тапқандар саны 70 мыңға жеткендігін мәлім етті.