Сириядағы қақтығыстарда Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ

None
АСТАНА. 2   шілде. ҚазАқпарат - Сириядағы қақтығыстарда Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл  туралы бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Қазіргі уақытта зор сеніммен Сирияда зардап шеккендердің арасында Қазақстан азматтарының жоқ екендігін айта аламын», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше,  дәл қазіргі уақытта Сирияда еліміздің қанша азаматы бар екендігі турасында нақты ақпарат жоқ. Бұл ретте А.Әбибуллаев таяу аралықта осы мәліметтерді анықтап, жария етуге уәде берді.