Сириядағы қос лаңкестік оқиға: 28 адам қаза болды 200-ден астамы жараланды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Жақында Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласында болған екі жарылыстың салдарынан 28 адам қазаға ұшырады, соның ішінде балалар бар 235 адам жараланды.

Елдің денсаулық сақтау министрі Ваиль Әл-Хальки осында натыланған деректерді келтірді.

РБК-ның жергілікті SANA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, бұдан бұрын 25 адам қаза болып, 175-і жараланғаны хабарланған болатын. Ал адам құқықтары жөніндегі Сириядағы Бақылау орталығы лаңкестік акті 30 адамның өмірін қиды деп мәлімдейді.

Министрдің айтуынша, қаза болғандар саны көбеюі мүмкін, өйткені бірқатар зардап шеккендер ауыр халде жатыр.

Лаңкестік шабуылына Әл-Мулхак және Әл-Гарби ауданындағы әскери барлау ғимараты мен Әл-Аркуб ауданындағы ішкі әскерлер казармасы ұшырады. Жарылыстар кіндігіне жақын жердегі көптеген ғимараттарға елеулі материалдық нұқсан келдтірілді. Лаңкестік актілерді жарылғыш құралдармен жабдықтаған автомобильдердегі екі экстремист-жанкешті жүзеге асырды.

«Жергілікті уақытпен 9.00-де  жанкешті микроавтобус рулінде отырып, Әл-Аркуб ауданындағы ішкі әскерлер казармасының алдындағы кедергіге соқтығысып, жарылғыш құрылғыны іске қосты», - делінген сириялық денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. Шабуыл салдарынан 11 адам қаза болды, 130-ы жарақат алды.

Бірнеше минуттардан кейін екінші лаңкес әскери барлау кешенінің аумағына микроавтобуспен кіруге әрекет жасап, лаңкестік актіні жүзеге асырды. Оның нәтижесінде 17 адам қаза болды, 105-і жараланды. Олардың арасында әскерилер, бейбіт адамдар және оның маңындағы саябақта ойнап жүрген балалар болды.

Сирияның сыртқы істер министрлігі БҰҰ Бас хатшысына, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына, Ислам ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысына, Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысына және БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарына Алепподағы лаңкестік актіге қатысты жолдау жасады. Онда жасалған лаңкестік актілер Сирияға қарсы науқан ауқымында аймақтағы кейбір елдердің қаржылық қолдауымен және танымал БАҚ-тардың арандатуымен жасалғаны атап өтілген.