Сириядағы соғыс: 900 содырдың көзі жойылды

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Сирия үкіметінің әскері стратегиялық маңызы бар әл-Кусейр қаласын басып алды.

Аталған қала үшін соғыс екі айға созылды. Себебі экстремистердің қорғаныс шебін бұзу қиынға соқты. Соған қарамастан, үкімет армиясы өткізген әскери операция сәтті аяқталып, 900 содырдың көзі жойылды. 300-ден астамы тұтқынға алынды. Олардың ішінде өзге елдердің жалдамалы сарбаздары бар.

Осы орайда айта кетер жәйт, Сирия бойынша бейбітшілік конференциясының мерзімі кейінге, нақты айтқанда, шілде айына шегерілді. Алғашқыда ол маусым айына жоспарланған болатын.