Сириядағы соғыс үш тәулікке тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның Хомс қаласында соғыс үш тәулікке тоқталды. Осы уақыт ішінде әйелдер мен балалар және 55 жастан асқан азаматтар қаланы тастап шығу тиіс, деп хабарлайды Ресейдің Сыртқы істер министрлігі.

«Хомс губернаторы мен БҰҰ-ның Сириядағы өңірлік гуманитарлық үйлестірушісі Якуб Хиллоның арасындағы бірнеше күнге созылған күрделі келіссөздердің сәтті өтуінде Ресейдің Дамаскідегі елшілігі зор рөл атқарды. Соның нәтижесінде соғыс үш тәулікке тоқтатылып, ескі Хомс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізілді. Барлық балалар мен әйелдерді, жасы 55-тен асқан азаматтарды, сонымен қатар жараланғандарды соғыс аймақтарынан еш кедергісіз алып шығу қарастырылады», - делінген хабарламада.