Сирия белсенділерінің мәліметінше, елдің түрлі қалаларында жұма күнгі дәстүрлі ғибадаттан кейін жалғасқан көшедегі наразылық шараларында кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Жергілікті үйлестіру комитетінің хабарлауынша, адам шығыны ең көп болған қала - Хомс.
Ел арасында айтылып жүргендей, полковник Каддафидің өлімі жұма күнгі мінәжаттан кейін үкіметке қарсы іс-шараларды үнемі ұйымдастырып отыратын оппозиция жақтастарының іс-қимылын одан сайын ушықтыра түскен.
Наразылық танытушылар президент Башар Асадтың билігін тоқтатып, демократияның орнауын талап етуде.