АСТАНА. ҚазАқпарат - «Адам құқықтарын сақтауды бақылаудың сириялық орталығының» құқық қорғаушылары Сирияда азаматтық қақтығыстың үшін жылында қаза болғандар 250 мыңға жеткенін есептеп шығарды.
ВВС-дің жазуынша, құқық қорғаушылардың мәліметтер базасында құжатты түрде нақтыланған қаза болғандар 171 мыңнан асып кеткен, оның 10 мыңы балалар.
Маусымда Сирия Президенті Башар Асад халықтың 89 пайыз дауысын жинап, үшінші мерзімге қайта сайланды.
Көтерілісшілер сайлау нәтижесін мойындамай, үкіметтік әскермен қақтығысты жалғастыруда.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.