Отандасымыздың елге оралуына Қазақстанның Иордания мен Ливандағы елшіліктері қолдау көрсетті. Дипломаттардың мәліметтерінше, Қазақстан азаматшасы Дейр-эз-Зор провинциясында тұрып келген. Аталған аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан азаматшасы қазір уақытша Иорданияда орын тепкен ҚР-дың Сириядағы дипломатиялық миссиясымен байланысқа шыққан. Өзге де отандастарымыз секілді Елена әл-Юсеф те балаларымен мемлекет есебінен отанына оралды.
Қазақстандықтардың басым көпшілігі елге қайтқанымен Сирияда әлі де бірнеше отандасымыз қалуда. Қазақстандық дипломаттар олармен үзбей байланыс жасап отыр.