Сириядан оралған келіншек сот алдында жауап беріп жатыр

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Алты жыл бұрын Сирияға кеткен Ақмарал Алмағамбетова елге оралып, сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық сотындаСириядан оралған Ақмарал Алмағамбетоваға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол 2013жылы үш баласын тастап, күйеуінен ажырасып, шекара асып кеткен. Әлеуметтік желіарқылы ер адаммен танысып, сол жақта үш рет күйеуге шығады. Әзербайжан, Ирак, Дағыстан ұлтыныңөкілдеріне күйеуге шыққан ол Альбар атты ұлды, Нисаннұр есімді қызды өміргеәкелді. Ақмарал Алмағамбетова екі баласымен «Жусан» операциясы кезінде елгежеткізілді.

«Ақмарал Алмағамбетова1987 жылы 23 маусымда дүниеге келген. Туған жері - Ақтөбе облысы. Бұрынсотталмаған, орта білімді, жұмыссыз. Ол өзіне тағылған кінәні мойындау туралыпроцесуалдық келісім көшірмесін алды. ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігімен, 256-бабының2-бөлігімен көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпталған.Сотқа дейінгі тергеу кезінда А.Алмағамбетова 2014 жылдың қаңтар айындаақпараттық- коммуникациялық желілерді пайдалану арқылы терроризмді насихаттап,ұлттық алауыздықты қоздырып, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауғабағытталған қасақана әрекеттер жасады деп айтыпталған», - деді судьяАлима Абдирова.

Сот процесуалдықкелісімді қайта жасау үшін істі прокуратураға жіберді. Сотталушыны күзетпенұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Яғни, қылмыс 2013 жылыжасалған, соған сәйкес Ақмарал Алмағамбетоваға қатысты іс сол жылдардағызаңмен қаралады.

«Қылмыстық-процестіккодекстің 623-бабына сәйкес жаңа келісім жасау үшін прокуратураға қайтажолданады», - деді А.Адилова.

Соңғы жаңалықтар