Олардың біріЕкібастұз қаласының тұрғыны, 28 жастағы Толғанай есімді келіншек Қарағанды қаласында университеттің төртіншікурсында оқып жүрген кезінде тұрмысқа шыққан. Күйеуінің достары Сирияға кеткеннен кейін әртүрлі видеоларды көребастаған. Көз ұзамай екі ер адам келіп, күйеуін сол жаққа алып кеткен.Ата-анасы теріс жолда жүргендерін айтып, райынан қаншама рет қайтарғысыкелгенімен, жолдасының соңынанаттанған.
- Бастапқыдасоғыстың соңы жеңіспен аяқталып, артынан ақша көп түсті, авиациялық және мұнайжерлерін ала бастады, - дейді келіншек. - Дегенмен, 2017 жылы жеңіліс тауып,жағдай күрделене түсті. Сонда ғана шынайы жағдайға көз жеткізе бастадық.Желтоқсан айында жолдасым қонақта отырған кезде үстінен бомба түсіп, қайтысболды. Сол кезден бері үйлерді бомбалай бастаған. Көшуден-көшу, аштық басталды.Араб адамдары бай тұрды, алайда басқаелден келгендерге дұрыс қарамайтын. «Өз елдеріңді тастап, несіне келдіңдер?»деп айтатын. Қазақстанда бес уақыт намаз оқып, дұрыс бағытта діни білім алуғаеш кедергі жоқ. Біз теріс ағымныңжетегінде кетіп, ислам дінін теріс жағынан көрсетіп алдық. Сол үшін қаттыөкінеміз.
Жолдасы қайтысболғаннан кейін мүмкіндігі шектеулі адамға екінші рет тұрмысқа шығуға мәжбүрболған. Балаларының бірі ер азаматтармен жүргенде үстінен бомба түсіп қайтысболған.
Әсем болса, 2010жылы ислам дінін қабылдап, тұрмысқа шыққан және намазға жығылған. Үш айдан кейін Түркияға білімаламын деп кетуге бел буған жолдасымен бірге Сирияға бет алған.
- Ол жақта түрлі дәрістер оқып, өзін-өзі жаруғаүгіттейтін, - дейді ол. - Жолдасым бас тарта бастады. Бірақ та 2014жылы жарақаттанып қайтыс болды. Екіқабат болған едім. Көбінесе ауылдардатұрдық. Қалада бомба көп жарылатын. Қазақтар бір-бірін жақын тартуғатырысатын.
2017 жылы екіншірет тұрмысқа шыққан Әсемнің айтуынша, алты жыл небір сұмдықты басынан өткергенолар балаларын асырап қалу үшін ауыр жұмыстар жасауға мәжбүр болып, түрліқорлық көрген, қайыр сұрап кетіп, аштықтан шөп жеген күндері де болған.
- Өзін-өзі жарыпжібергендер болды, - дейді Толғанай. - Көп азаматтар осы қадамға барды. Соңғыкездері әйелдерді де соғысуға шақырды. Жанымыздан оқтар ұшып, оттар болды. 2019 жылы күрттердің лагерінешықтық. Ол жерде көп аяқ-қолдары жоқ мұсылмандар құрттап, шіріп, сасып жатты.Лагерьде үш ай болдық. Ата-аналарыоқытса оқытады. Жалпы балаларда оқу болмады. 12 жастан лагерьлерден соғысқа дайындайтын. Автомат пен пистолеттенатудан үйретеді. Он төрт жастан үлкендермен бірге соғысқа шығатын.
Өздерінің адамтөзгісіз жағдайға тап болуына білімсіздік себеп болғанын айтатын әйелдер бүгінде ата-аналарының ақылына құлақаспағанына қатты өкінетіндерін және олжақтан бақыт таппайтынын айтады.
- Ресейденадамдар көп болды, - дейді олар. - Түн ішінде алып кетуі мүмкін. Әйел адамдарғаөте қиын. Ұрып-соғады. Бізді алып кетуге келген кезде сондағылар қызғанышпенжәне қызыға қарайтын. Сол кезде қазақ болғаным үшін қатты қуандым. Сириядан келген соңАқтауда арнайы тексерістен өткізіп,психолог және теолог мамандармен жұмыс істедік.
Толғанай үшбаламен, Әсем екі баламен оралған. Алдағы уақытта екеуі де жұмысқа тұрып,балаларын дұрыс тәрбиелеп жеткізуге мақсат қойған.