Бірқатар шетел БАҚ-тарының хабарлауынша, бұл жайында ұйым Кувейтте өткен донор елдер конференциясында мәлімдеген.
Сарапшылардың пікірінше, дәл осы көлемдегі қаржы елдің гуманитарлық дағдарысты еңсеруіне көмек бере алады.
Айта кетерлігі, Кувейттің коммерциялық емес ұйымы сириялық босқындарға көмек ретінде 400 млн. доллардан астам қаржы беруге дайын екендігін мәлімдеп отыр.
БҰҰ деректері бойынша шамамен үш жылға созылған азаматтық жанжал салдарынан 4 млн. сириялық өз елінде босқынға айналса, тағы 2 миллионы шетелге бас сауғалауға мәжбүр болды. Ал ел ішіндегі босқындардың басым бөлігі Сирия шекарасына тақау орналасқан лагерьлерде өте ауыр жағдайда өмір сүруде.