Әйелдің есімі «Қылмыскерлерге іздеу салу» бағанында тұр. Жеке сауалнамамен қатар басына орамал таққан Әлмағамбетованың суреті бар. Іздеу себебі де жазылған: «Іздеу салынған әйел тергеуден бой тасалады. 29 жастағы жұбайы Ақмарал Әлмағамбетованы оның заңды зайыбы Мірболат Жаманқұлов іздеуге тырысуда. Ер адам әйелін хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы өтінішпен жүгінген.
Ерлі-зайыптылар 2005 жылғы 19 ақпанда некеге отырған, 2004, 2008 және 2012 жылғы туған кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар. Құқық қорғау қызметкерлеріне ақтөбелік әйелінің жоғалып кетуінің кейбір себептерін айтып берген: 2013 жылғы наурызда ол Алматыға, ол жерден Қырғызстанға кеткен. Кейіннен ұялы телефоннан хабарласып, Сирияда екенін айтқан. Содан кейін ақпарат үзілген. Сонымен бірге үш баланың анасына терроризм мен экстремизмді насихаттау, лаңкестік топ қызметіне қатысу, діни алауыздық тудыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалғаны анықталды.
Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Құқық қорғау органдары берген мәліметтерге сәйкес Ақмарал Әлмағамбетова жаяу Қазақстан Республикасының шекарасынан Қырғыз Республикасына өткен. Осыған байланысты оны сотта хабар-ошарсыз кетті деп тану үшін негіз болмаған. Ақтөбе қаласының 2016 жылғы 20 қазандағы шешімімен Жаманқұловтың өтініші қанағаттандырудан бас тартылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен.