Сириялық босқындар түрікше үйреніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Шанлыурфа қаласы Суруч ауданындағы лагерьлерде тұрып жатқан сириялық босқындарға түрік тілін үйрету қолға алынды, деп хабарлайды TRT.

Кобаниден келгендер күнделікті тұрмысты жеңілдету мақсатымен түрік тілі сабағын ала бастады.

Түрікше үйрену курстарына балалар да, ересектер де үлкен қызығушылық танытуда. Оларға күрд тілін білетін мұғалімдер сабақ береді.

Суручтағы лагерьде шамамен 8100 адам өмір сүруде.