Сириялық оппозиция АҚШ-тың авиасоққысы туралы пікір білдірді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сирия оппозициясы Вашингтонды президент Башар Әл-Асад режиміне қарсы әрекетті жалғастыруға шақырып, жұмадағы АҚШ-тың үкіметтік әскери базаға соққысын қолдады.

«ҚазАқпарат» ХАА өңірлік тілшісі хабарлағандай, оппозиция АҚШ ӘТК соққысын қолдап, Құрама штатты үкіметтік күштің әуе соққысын жүзеге асыру қабілетін бейтараптандыруға шақырды. Өңірлік БАҚ-қа берген сұхбатында сириялық коалицияның баспасөз хатшысы Ахмад Рамадан америкалық соққылар жалғасатынына, бұл тек бастамасы екенінен үмітті екенін айтты».

Сонымен қатар, сириялық мемлекеттік телевизия АҚШ-тың әрекетін агрессия актісі деп атады.

«Ел орталығындағы авиабазалардың бірі АҚШ ұшырған зымыраннан зақымданды. Біраз шығын болды», - деді Дамасктегі әскери дереккөз. Ол шығын сипаты жайлы нақты ақпарат бермеді.