деп хабарлайды ҚазАқпарат.
И.Марвудың айтуынша, оның еңбегі алғаш рет шетелде басылып отыр. Еуразия ұлттық университетінің жанындағы баспаханадан жарыққа шыққан кітап орыс және араб тілдерінде жазылып, Куәйттің белгілі ақыны Суад ас-Саббахтың шығармашылығына арналған. «Сондай-ақ мен бұл кітапта ғұлама әл-Фараби туралы жазғанмын», - дейді И.Марву.
Автордың сөзіне қарағанда, алдағы уақытта ол Қазақстан туралы арнайы кітап жазбақ ниетті. «Менің бұл еңбегімді аударатын адам табылатын болса, мен сол кітапты Дамаскіден басып шығаруға даярмын», - дейді И.Марву.
Іс-шара аясында сириялық жазушыға құрмет көрсетіліп, «Еуразия ұлттық университетінің құрметті докторы» ғылыми дәрежесі салтанатты түрде табысталды.