Бұдан бұрын түрік әскери қолбасшылығы елдің оңтүстігіне ұшып шыққан Ғ-16 ұшағымен байланыс үзілгенін хабарлаған болатын. Түріктің Hurriyet газетінің мәліметтері бойынша, ұшқыш ұшақ радардан жоғалып кетер алдында диспетчерлерге «Мен секіремін!» деп айқайлап үлгірген.
Еске сала кетейік, 11 мамырда Сириямен шекарадағы Рейханлы қаласында лаңкестік актісі болды, оның салдарынан 40 адам қаза тапты және 100-ге тарта адам жараланды. Түрік өкімет орындарының өкілдері лаңкестікті ұйымдастырушылар сириялық арнайы қызметпен байланысты деп мәлімдеді.
Түріктің жоғарғы шенеуніктері шекарадағы жарылысқа жауап ретінде «кез келген шараларды» қолға алуға құқылы екендігін атап көрсеткен болатын.